Хабарлама

Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.В.Ломоносов жалпы орта мектебі

 "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұндарын сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда:
13-тармақ мынадай мәтінде жазылсын: 
«13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды»;

 

М.В.Ломоносов жалпы  орта мектебінде, бірыңғай мектеп формасын  таныстыру  мақсатында, ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста  ата-аналарға бірыңғай мектеп  формасы  туралы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы           № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылған талаптар туралы басшылыққа алынды,мектеп формасы жөнінде ата-аналар назарына толық жеткізілді.

Мектеп формасының түсі: қою қара көк

Ұл балаларға да, қыз балаларға да өздерінің таңдауы бойынша ақ жейде (күнделікті, мерекелік) кию ұсынылатындығы таныстырылды.

Жиналысқа  қатысқан  ата-аналар  сөз  сөйлеп, өз пікірлерін айтып, бірыңғай мектеп формасының  барлық оқушыларға бірдей теңестіріліп жатқанын құптап, бірауыздан балаларына  алып  беруге  келісімдерін  берді.

2019-2020 оқу жылының қыркүйегінен бастап бірыңғай мектеп формасын (түсі қою қара-көк түрінде)  мектебіміздің барлық оқушылары сақтап отыр. Мектебімізде мектепішілік рейдтер мен оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.

 

Мектеп директоры:                                         Ажгалиева Т.К.

 

.